Атырауда журналистке шабуыл жасаған азаматқа сот үкім шықты

Ulysmedia

Атырауда сот былтыр жазда журналист және қоғам белсендісі, "Дорожный контроль" ақпараттық порталының тілшісі Олеся Вертинскаяға шабуыл жасаған жергілікті тұрғынға қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Сотта анықталғандай, Атырау қаласының тұрғыны Вертинскаяны көліктен алдап түсіріп, ешкім жоқ жерге апарып еш себепсіз ұрып-соққан. Кейін жәбірленушіге түрлі жарақаттар мен мұрны сынған деген диагноз қойылған.

Сот ер адамға пробациялық бақылау орната отырып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сотта сотталушының кінәсі толық дәлелденгені айтылады.

"Сот азамат М.А. ауыр емес қылмыс жасағанын ескеріп, оған ҚК-нің 44-бабының 2-бөлігінде көзделген бірқатар міндеттер жүктеліп, пробациялық бақылау белгілей отырып, бір жылға бас бостандығын шектеуге және мәжбүрлі еңбекке тартуға үкім шығарды", - деп мәлімдеді Атырау облысы сотының баспасөз қызметі.

Зардап шеккен журналист сот үкімімен келіспейді, ол аппеляциялық шағым түсіретінін жеткізген.

Еске салайық, оқиға 2022 жылы 19 шілдеде таңертең Атырауда болдған, Вертинскаяға жасалған шабуыл бақылау камераларына түсіп қалған. Журналист бұл шабуылды өзінің кәсіби қызметімен байланыстырды. Ол бұған дейін белгісіз нөмірден қорқытатын хабарламалар алғанын айтқан. Оған тіпті бір компания мен оның басшысымен “абай болуың қажет” деген ескерту де берілген.