Brent мұнайының бір баррелінің құны 6,43%-ға, яғни 85,03 долларға дейін өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Лондонның ICE биржасында 2023 жылдың маусымында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 7 наурыздан бері алғаш рет 85 доллардан асты.
Дүйсенбідегі сауда-саттық нәтижесі бойынша, сағат 04:23-ке қарай Brent баррелі 85,45 (өсім - 6,96%) долларға жетті.
Сонымен қатар 2023 жылдың мамырында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстері 7,15% қымбаттап, баррелі 81,08 долларға жетті.
2 сәуірде бірқатар ОПЕК+ елдері, оның ішінде Қазақстан күтпеген жерден мамыр айынан бастап жылдың соңына дейін мұнай өндіруді қысқартатынын жариялады.
Қысқартудың жалпы көлемі – тәулігіне шамамен 1,65 млн баррель болуы мүмкін.