Сорос-Қазақстан директоры Аида Айдарқұлова қордың қызметі тоқтайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның сөзінше, Қазақстанда 30 жылға жуық жұмыс істеген Сорос-Қазақстан қоры азаматтық бастамаларды қолдауды тоқтатады. Қор атауын өзгертіп, қызметін Орталық Азиядағы мәселелерді шешуге, зерттеуге бағыттайды.
«Кейінгі 3-4 жылда өте көп өзгеріс болды. Қор өзгерістерге бейімделіп жатыр десек те болады», - деді Сорос-Қазақстан қорының директоры.
Сорос-Қазақстан қоры 28 жылда денсаулық сақтау, білім беру және ғылым, адам құқықтарын қорғау, мемлекет бюджеті ашықтығы және есептілігі, халықтың осал топтарының мүддесін қорғау, медианы, экономикалық реформаларды қолдау салаларына жиыны 100 миллион доллардан астам грант бөлді.