Ақтөбеде полиция басшыларының бірі тергеліп жатыр

Ulysmedia

Бұл туралы ІІМ мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

“Ақтөбе облысы ПД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша Ақтөбе қаласы № 3 полиция бөлімі басшыларының біріне қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.

Бұдан бұрын қаңтар оқиғасына байланысты істі болған шенді елден қашып кеткені хабарланған.