Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметінше, доллардың орташа сараланған бағамы 2,38 теңгеге төмендеп, 446,79 теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еуро, юань және рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамы Ұлттық банк белгілеген – 491,23 теңге, юань – 65,34, рубль – 5,66 теңге.
Ақша айырбастау орындарында доллар 445-450 теңгеден, еуро 487-495 теңгеден, ресей рублі 5,5-5,8 теңгеден сатылуда.
5 сәуірде мұнай бағасы көтеріледі. Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстері барреліне 0,41%-ға қымбаттап, 85,29 долларды құрады, WTI мамырдағы фьючерстері 0,37%-ға өсіп, 81,01 долларды құрады.