Қазақстанның алтын-валюта қоры ұлғайды

Ғалиасқар Думан

Еліміздің алтын-валюта резервтері 2023 жылғы наурызда 1,6 млрд долларға ұлғайып, 36,1 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

exclusive.kz

Бұл туралы Ұлттық банк мәлім етті.

"Наурыз айының қорытындысы бойынша алтын-валюта резервтері 1,6 млрд долларға ұлғайып, 36,1 млрд долларды құрады. Резервтердің ұлғаюы негізінен алтын бағасының өсуімен байланысты, ол бір айда 9,3%-ға, бір унция үшін 1810,20-дан 1978,80 долларға дейін өсті", - делінген хабарламада.

Ұлттық банк ақпаратына сүйенсек, алтынға деген сұраныстың артуына инвесторлардың АҚШ пен Еуропадағы банктердің банкроттығына қатысты алаңдаушылығы себеп болған. Бірақ қазірдің өзінде алтын бағасы жоғары төмендеген жоқ.