Сарапшылар есептеулер жүргізіп, тұрғындарына 1 миллион доллар жинау өзгелерге қарағанда қиындық тудырмайтын елдердің рейтингін жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ондаған жылдар бойы жұмыс істеген адамдар көбінесе қанша ақша тапқаны туралы ойламайды. Picodi.com талдаушылары әр түрлі елдердің тұрғындары орташа айлық жалақы алып жүріп қанша уақытта миллион доллар таба алатынын есептеді.
Рейтингке 102 ел енген. Швейцария бірінші орында – мемлпекет тұрғындары 14 жыл 3 айда миллион доллар жинай алады. Екінші орында Сингапур – ел азаматтарының 16 жыл 11 ай ішінде межелі соманы жинау мүмкіндігі бар. Ал Люксембург тұрғындарына бұдан сәл ұзағырақ жұмыс істеуі керек – 17 жыл 4 ай.
Қазақстан рейтингте 69-орынға жайғасты. Сарапшылар Қазақстанда орташа жалақыны ала отырып, 171 жыл ішінде миллион доллар жинақтауға болады деп есептеді. Айта кетейік, орташа жалақы ретінде 219 мың теңге сомасы алынған.
Сарапшылар азаматтардың "қолына" алатын орташа жалақысын, барлық салықтар мен жарналарды шегеру арқылы есептеген.