Павлодарда әкім мен тұрғын жер үшін соттасты

Ғалиасқар Думан

Павлодар облысында ер адам аудан әкімдерінің бірінен бағбаншылық үшін жер учаскесін беруді сұраған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше,  әкім жер учаскесіне жеке меншік құқығын беруден бас тартқан. 

Талаптың көшірмесі алдын ала тыңдауда меморандум бойынша әкімдік жанында құрылған татуластыру комиссиясына жіберілген.  

Жергілікті атқарушы орган татуластыру рәсімі барысында талапкердің талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

– Сот медиативтік келісімді бекітті. Сол бойынша талапкер жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішпен жер комиссиясына қайта жүгінеді. Ал әкім белгіленген  жағдайларды ескере отырып,  бұл  өтінішті осы мәселені қарауға тиіс жер комиссиясының отырысына қайта шығаруға міндеттенді, – делінген сот хабарламасында.

Осылайша, сот дауы медиативтік келісім жасасумен аяқталды.