Жапонияда премьер-министрге қастандық жасалды

Ulysmedia

Жапонияның Вакаяма қаласында премьер-министр Фумио Кишида сөйлеген жердің жанында жарылыс болды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіде тарап кетті. Жапондық БАҚ-тың хабарлауынша, белгісіз ер адам Кишида сөз сөйлер алдында түтін бомбасына ұқсайтын затты лақтырып жіберген, содан кейін жарылыс болған. Күдікті қамауға алынды.

Үкімет басшысы жедел түрде қауіпсіз аймаққа шығарылды. Кишида қазір Вакаяма қалалық полиция бөлімінде. Құзырлы органдар оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

Еске салайық, 2022 жылдың 8 шілдесінде Жапонияда бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэге қастандық жасалған болатын. Белгісіз ер адам оның арқасынан екі рет оқ атқан. Кейін полиция қастандық жасаған күдіктіні ұстады, ол Тецуя Ямагами есімді 41 жастағы Нара тұрғыны, бұрынғы теңіз офицері болып шықты.

Қастандық әрекеттен кейін Синдзо Абэ қайтыс болды.