Алматы маңында жер сілкінісі болды

Ulysmedia

Сейсмологтар Алматыдан 43 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі 16 сәуір күні сағат 8:55-те болған.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай Қазақстан аумағында, бес шақырым тереңдікте орын алды. Магнитудасы - 3,8. Зілзаланың тербелісі сезілмеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы барлық тұрғын үйлердің үштен бірі жер сілкінісі кезінде құлауы мүмкін екенін хабарлап, алматылықтар әкім Досаевқа шара қабылдауды сұраған болатын.