Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“19 сәуір таңғы сағат 09:25 шамасында Астана қаласы Ақын Сара көшесі, 53 мекенжайында орналасқан Inshaat Invest ЖШС «Кіріктірілген үй-жай мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» құрылыс учаскесінде жүкті көтеру кезінде QTZ-63 мұнара кранының секциясы бұзылды”, – делінген хабарламада.
Кранның иесі - Капитал ЖК.
Зардап шеккендер жоқ. Аварияның алдын ала себебі - шамадан тыс жүктеме.
Қазіргі уақытта оқиға орнында өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Департамент пен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрылмақ.