Назарбаевтың жиені, бәрі соның алдында зыр жүгіретін – Гүлмира Сатыбалдының соттағы сөзі

Ulysmedia

Астанада кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдаға қатысты сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

19 сәуірде сотта Сатыбалдыдан жауап алу басталды. Алдымен одан бұрынғы күйеуінің қолдауы болған, болмағаны сұралды.

"Қайрат Сатыбалды екеуміздің ажырасқанымызға 20 жыл болды. 2002 жылы желтоқсанда бөлек кеттік. Мен ол кезде мемлекеттік органдарда жұмыс істедім, декларация тапсыруым керек еді. Қайрат маған айтпай ажырасып кетті. Содан мен балалармен бөлек кеттім. Міне, ашық. әңгіме. Оған ешқандай шағымым жоқ, Қайрат Сатыбалды - Тұңғыш Президенттің (Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) жиені, бәрі оның алдында зыр жүгіретін. Мен әрқашан екінші орындамын. Әсіресе, көп балалы отбасынан шыққандықтан. Ата-анамнан 10 бала тарағанбыз. Мен жетінші баламын. Сондықтан Қайрат сияқты жігіттің маған үйленгеніне қуандым. Одан үш балам дүниеге келді», - деді Сатыбалды.

Гүлмира одан әрі ажырасқаннан кейін Қайратпен байланыста болғанын айтты.

«Мен Қайрат Сатыбалдымен араласпадым деп айтпаймын. Мен онымен сөйлесіп, көмектесуін талап еттім. Ол әке ретінде балаларын лайықты қамтамасыз етті. Оқу мен пәтердің ақшасын төледі, үш бала да Америкада мектеп бітірді, Қазақстанда жоғары білім алды», - деді ол.