Орал қаласы маңындағы Басқақ тоғайындағы өрт салдарынан қою түтінге оранды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Өрт аумағы 70 гектарды құрады”, - деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаменті.
Оны сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы және коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері – барлығы 100 маман жұмылдырылған. Сонымен қатар 26 бірлік техника тартылды.
Жергілікті «Мой город» басылымының хабарлауынша, қою түтін Орал тұрғындарын шошытқан – оны қаланың кез келген аймағынан көруге болады.