Жылдың ең үздік фотосы анықталды

Ғалиасқар Думан

World Press Photo нұсқасы бойынша жылдың ең үздік фотосуреті анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Euronews-тің жазуынша, мамандар Associated Press ақпарат агенттігінің фотографы Евгений Малолеткидің Мариупольде түсірген суретін үздік деп таныды.

Бұл – ресейлік әуе шабуылынан қираған перзентхананың аумағында түсірілген құтқарушылар мен жүкті әйелдің суреті. 32 жастағы Ирина Калина босанғаннан кейін жарты сағаттан соң алған жарақаттарынан қайтыс болды, оның ұлы Мирон өлі туған.

«Шабуылдың нысанасына айналған перзентханадан құтқарушылардың көмегімен шығарылған әйел және оның әлі туылмаған баласы туралы ойлау — бұл эмоционалды сезімді оятады, өзгелердің қандай қияндықтан өтіп жатқанын көруге мәжбүр етеді», - дейді қазылар алқасының төрағасы Брент Льюис.