Шетелдік азамат Қазақстанның оңтүстігінде теракт жасамақ болған – ҰҚК

Ғалиасқар Думан

Оңтүстік Қазақстанда шетелдік азамат қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы террористік акті жасамақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

көрнекі фото: 19.mchs.gov.ru

“Биылғы жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризммен күрес бөлімшелері оңтүстік Қазақстанда шетелдік азамат қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы жасамақ болған террористік актінің алдын алды”, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Сонымен қатар, астанада радикалды діни ұяшық бейтараптандырылды. Оның 8 мүшесі террористік топты құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.

Осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Аталған қауіптерге қарсы іс-қимылды жетілдіру аясында Терроризмге қарсы орталықтың үйлестіруімен 188 оқу-жаттығу өткізілді. Құзыретті мемлекеттік органдардың күш-құрылымдарының террористік қатерлерді уақтылы анықтау мен терроризм актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарын бірлестіру жұмысы пысықталды.

«Жалған терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шаралар күшейтілді»,-делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.