9 мамырда әскери шеру өткізіле ме – министрлік жауап берді

Ғалиасқар Думан

Биыл 9 мамырда Қазақстанда әскери шеру өткізілмейтін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті.

Ведомство шеру бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбай отырғанын атап өтті.

«Қазір департаменттің басым бағыты – Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын сақтау. Дегенмен, әскери бөлімдерде шағын әскери-патриоттық іс-шаралар өткізіледі», -  делінген хабарламада.