Ақтөбеде екі әйел биік үйден құлап кетті: Полиция суицид нұсқасын зерттеп жатыр

Ғалиасқар Думан

Оқиға "Ақтөбе Ажары" 112 тұрғын үй кешенінде тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Polisia.kz

Полицияның хабарлауынша, 24 сәуір сағат  01:48 шамасында Жедел басқару орталығының 102 пультіне "Ақтөбе Ажары" 112 тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапты. Полицейлер мәйіттердің жеке басын анықтады, олар 31 және 56 жастағы әйелдер екені белгілі болды.

ҚР ҚК 105-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.