Суданда болған Қазақстанның үш азаматы қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Суданда болған үш азаматымыз қауіпсіз жерде. Олардың бірі БҰҰ жүйесінде жұмыс істеген, қазір Эфиопия астанасы Аддис-Абеба қаласында. Екінші азамат жапон компаниясында қызмет еткен, Жапония дипломаттарының көмегімен эвакуацияланды”, – деді А.Смадияров.
Айта кетейік, Суданда армия мен Жедел әрекет ету күштері (ЖЖҚ) арасында қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Қақтығыс Жедел әрекет ету күштері қарулы күштерге біріктірілгеннен кейін басталды. Мұндай өзгерістер Суданды азаматтық билікке қайтару туралы келісімді жүзеге асыру үшін қажет болды. Генералдар келісе алмай, дау қарулы күреске ұласты.
17 сәуірде елде БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының үш қызметкерінің қаза тапқаны белгілі болды. Осыған байланысты WFP басшылығы елдегі жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ, бұдан бұрын АҚШ Судандағы елшілігін эвакуациялағаны хабарланған.