Ұшақты Ресейден Қазақстанға заңсыз алып кетпек болған

Ulysmedia

Ер адам жеңіл ұшақты Омбы облысынан Павлодарға апармақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Иесі оны Павлодар тұрғынына 3,4 миллион рубльге сатпақ болған. Алайда, ол техниканы шетелге шығару үшін қажетті құжаттарды рәсімдемеген.

Кеденшілер Ольховка бекетінің маңында 300 келі жеңіл моторлы ұшақ тиелген тіркемесі бар фургонды тоқтатты.

Енді азамат ұшақты сатуға заңсыз әрекет жасағаны үшін жауапкершілікті күтіп отыр.