Байден келесі жылы президенттікке қайта таласатынын мәлімдеді

Ғалиасқар Думан

АҚШ президенті Джо Байден 2024 жылы президенттікке қайта таласатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

reuters.com

Үш минутқа созылған саяси мәлімдемесінде ол өзінің сайлау алды науқанындағы ең маңызды мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда түсік түсіру құқығы, демократия мен сайлау құқығын қорғау және американдықтардың әлеуметтік кепілдіктері жайлы сөз қозғады.

Байденнің сөзінше, сайлаушылар келешек ұрпақтың болашағы қандай болатынын, еркіндік пен құқықты таңдау мүмкіндігіне ие болады.

"Америкалықтар қай кезде болмасын демократияны, жеке бостандықтарымызды қорғауға, дауыс беру құқығы мен азаматтық құқықтары үшін үнемі күресіп келеді. Дәл сондай күн бізге де туды", - деді АҚШ президенті.