Ресей миллиардерлері байи түсті

Ғалиасқар Думан

Жыл басынан бері ресейлік миллиардерлердің жиынтық байлығы 16,35 миллиард долларға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

sonar2050.org

"РИА Новостидің" жазуынша, бұл туралы Bloomberg Billionaires Index (BMI) рейтингінің деректерінде айтылған.

Дәулеті артқандар арасында "Лукойлдың" тең дәрежелі иесі Вагит Аликперовті ерекше атауға болады, оның  байлығы бірден 3,7 млрд-қа өсіп, 19,1 млрд долларға жетті.

Сарапшылар индексті ресейлік миллиардерлердің үлесі бар компаниялардың акцияларының құнына қарай есептеді. Барлығы рейтингке әлемдегі ең ауқатты деген 500 адам кірді, олардың 22-сі орыстар. Олардың жиынтық қаражаты 279,88 миллиард долларға бағаланды.

Ресейдің ең бай миллиардері –  "Норникель" компаниясының негізгі иелерінің бірі Владимир Потанин 29 млрд доллар капиталымен көшбасшылығын сақтап қалды. Екінші орында – "Новатэк"-тің тең иесі Леонид Михельсон (27,7 млрд доллар). Үшінші орынға НЛМК бенефициары Владимир Лисин 21,6 миллиард доллармен тұрақтады.