Астанада интернет-дәріхананың иесі ұсталды

Ulysmedia

Астанада есірткі сатумен айналысқан интернет-дәріхананың иесі ұсталды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігі күдіктінің есірткіні елордадағы саябақ аумағында таратқанын мәлімдеді. Бұл нысанда оның жасырын қоймасы болған. Одан 0,53 грамм экстази тәркіленді.

Жалдамалы пәтерді тінту кезінде полицейлер ұсталған азаматтың дәріханасы арқылы астыртын сатпақ болған есірткі заттары бар тұтас қойманы тапты.

«Олардың ішінде мефедрон, гашиш, галлюциногенді саңырауқұлақтар, марихуана және каннабис шайыры бар. Заңсыз айналымнан 400 грамға жуық есірткі заттары тәркіленді.

Сондай-ақ, есірткі курьерлер қаланың айналасында іліп қойған QR кодтары бар жапсырмалар табылды”, – деп жазды ведомсводан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды.