Канадада орман өрті өршіп тұр, төтенше жағдай жарияланды

Ulysmedia

Канаданың батысындағы Альберто провинциясының 25 мыңға жуық тұрғыны 100-ден астам орман өртінен қашып, үйлерін тастап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Ел билігі мұндай ахуалды бұрын-соңды болмаған дағдарыс деп бағалап отыр. 

Канаданың батысындағы Альберто провинциясы маңында 6 мамыр күні орман өртінің өршуіне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Премьер-министрі Даниэль Смит қолдағы ресурстың барлығы тілсіз жаумен күресуге бағытталуы керектігін мәлімдеді.

Үкімет өкілдерінің мәліметінше, 25 мыңға жуық адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Кейбірі қайықпен және тікұшақпен қауіпсіз аймақтарға жеткізілді. Тағы мыңдаған тұрғынға эвакуацияға дайындалу керегі хабарланды.