Түркиядағы сайлау: оппозициялық кандидаттың жеңіске жету мүмкіндігі артты

Ulysmedia

Оппозициялық кандидат Кемал Кылычдароғлының Түркиядағы президенттік сайлауда жеңіске жету мүмкіндігі 57%-ға дейін өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Түркиядағы сайлаудың бірінші турда аяқталу ықтималдығы 50 пайыздан аз.

14 мамырда Түркияда президент сайлауы өтеді. Қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған мен оппозиция жетекшісі Кемал Кылычдароғлу мемлекет басшысы креслосына таласады.

Сарапшылар Кылычдароглу Түркияның басшысы болған жағдайда Украинадағы соғыс ахуалында түбегейлі өзгерістер болмайтынын айтады. Түркияның Украинаның аумақтық тұтастығын мойындауын жалғастыруы маңызды. Астық келісімі де сақталады.