«Игра в кальмара» кәріс телехикаясы әлемнің 80 астам елінде Netflix рейтингінде бірінші орында тұр. Дегенмен киносыншылар оның сапасына қатысты әртүрлі пікір айтып жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
2021 жылғы 17 қыркүйекте шыққан «Игра в кальмара» оңтүстіккорейлік веб-сериалы бір аптадан астам уақыт бойы әлемнің 80 астам елінде Netflix рейтингінде көш бастап тұр. Олардың қатарында Австралия, Бразилия, Канада, Египет, Исландия, Жапония, Ұлыбритания мен БАӘ бар. Бұл ақпарат онлайн-кинотеатрлар мен видео сервистер туралы деректі автоматты түрде жинайтын FlixPatro агрегаторынан алынған.
РБК мәліметінше, жоба Ресейде 29 қыркүйекте бірінші орын алып, осы орынды тұрақты ұстап тұр. 4 қазандағы жағдай бойынша, телехикая рейтингі 822 ұпайды құрады. Оның жақын бәсекелесі - «Уборщица. История матери-одиночки» жобасында 649 ұпай бар. Үшінші орында - «Сексуальное просвещение» (562 ұпай).