Ақтөбе әкімдігі жер учаскесі үшін кәсіпкерден 5 млн теңге талап еткен

Айнель Аянова

Ақтөбеде әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға ниет білдірген кәсіпкерге жер телімін бергені үшін әкімдік ақша талап еткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Кәсіпкер Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жүгінді, өйткені оған қиыршық тас өндіру үшін жер учаскесіне құқық беруден негізсіз бас тартылған.

“Әкімдік учаскеде өндірісті жүзеге асыруға рұқсат беру үшін меморандумға қол қою туралы шарт қойды, оған сәйкес кәсіпкер "әлеуметтік жобаларды іске асыруға бес миллион теңге салуға міндеттенеді", – деп хабарлады Антикор.

Ведомство мәселеге араласқаннан кейін кәсіпкерге учаске берілді.