Ташкентте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның әнұраны белгісіз себептермен үзіліп қалды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Бірінші орынды еншілеп, алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Санжар Тәшкенбайды марапаттау рәсімінде Қазақстанның әнұраны шырқалды. Алайда, Әнұран орта тұсынан үзіліп қалды.
Әнұранды тоқтату себебі әзірге белгісіз. Осыған қарамастан, қазақстандық жанкүйерлер оны музыкасыз аяқтады.
Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол шешуші рингте грузиялық Сахил Алахвердовимен кездесіп, оны 5:0 есебімен ұтты.