Тарихта алғаш рет Байқоңырдан ғарышқа киноэкипаж ұшырылды

Ulysmedia

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-19» ғарыш кемесімен МКС-66 экипажы ғарышқа ұшты. Бортта ресейлік режиссер Клим Шипенко, актриса Юлия Пересильд және Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров бар, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

m24.ru-дің мәліметінше, ғарыш кемесін Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров басқарады.

5 қазанда Байкоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-19" кемесімен МКС-66 экипажының мүшелері ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі тарихта алғаш рет көркем фильмнің түсірілім тобын орбитаға жеткізбек.

Ресейлік режиссер онда "Вызов" атты киноның эпизодтарын түсіруді жоспарлап отыр. Фильм ғарышкерді құтқару үшін Халықаралық ғарыш станциясына баратын дәрігер әйел туралы болмақ.

Кино тарихында бірінші рет фильм түсіру үшін актерлар ғарышта 12 күн бойы болады. Олар 17 қазанда Жерге оралуды жоспарлап отыр. Басылымның мәліметінше, осыған дейін «киноэкипаж» ұшу алдындағы емтихандарды жақсы тапсырған.