Астананың қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы ұсталды – Антикор

Ғалиасқар Думан

Антикор Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаеваның ұсталғанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

әлеуметтік желіден

"Сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жалғасуда. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Қожабаева басқарманы 2020 жылдың ақпанынан бері басқарып келеді.