Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Банк есебіне сүйенсек, Ресейдің білікті жұмыс күші мен капиталдың келуі, сондай-ақ бірқатар компаниялардың көшуі Орта Азия елдерінің, оның ішінде Қазақстанның экономикасына оң әсерін етеді. Мамандар тіпті биылдың өзінде бұл көрсеткіш 5,2 пайызды құрайтынын болжап отыр.
Сарапшылардың дерегінше, еліміздің экономикалық өсіміне мемлекеттік басқарудың жақсаруы, экспорттың өсуі және Қытай шекарасының сауда-саттық үшін ашылуы да оң ықпал етпек. Соның аясында Қазақстанның экономикасы 2023 жылдың өзінде 3,9 пайызға өсуі мүмкін. Ал келер жылы 4,2 пайызға көтеріледі.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің мамандары экономикалық үдеріс 2024 жылы да жалғасады деген пікірле. Келер жылы өсім одан әрі 5,4 пайызға артады дейді олар.