45°С-қа дейін ыстық: Жазда ел өңірлерінде ауа райы қандай болады

Ғалиасқар Думан

Қазгидромед алдағы үш айға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет жүргізген алдын ала зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай, жазда еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады. Бұл ретте тек солтүстік аймақтарда қалыпты күн райы сақталады.

"Республиканың солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында Солтүстік теңіз ауданынан келетін суықтың әсерінен ауа температурасының күндіз +30+38°С-ден +15+20°С-ге дейін төмендеуі мүмкін. Ал, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында кейбір күндері термометр бағаны +40+45°С-ге дейін жоғарылайды деп болжанады. Ыстық күндер нөсер жаңбырлы қатты желмен, найзағайлы салқын күндермен ауысып отырады", - деп мәлім етті Қазгидрометтің басапсөз қызметінен.

Маусым айына арналған ауа райы болжамы

Қазгидрометтен мәлімдегендей, жаздың алғашқы айы - маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ыстық болады. Атап айтқанда, ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1°С-ге жоғары болады. Яғни, елдің біраз аймағында температура +18+23°С, оңтүстік-батыста +24+28°С және оңтүстік-шығыс пен шығыстағы таулы аймақтарда +7+17°С болады деп күтілуде.

Алайда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу және Қостанай облыстарында ауа температурасы қатты ыстық болмайды.

Сонымен қатар, осы айдың ішінде ел бойынша жауын-шашын мөлшері аз болады. Бірақ, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай мен Ақмоланың солтүстігінде жаңбыр қалыпты мөлшерде түседі деп болжанады. Бұған қоса, Абай облысының шығысында және Алматы мен Жетісу облыстарының оңтүстік-шығыс бөлігі, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында да жауын-шашын аз болмайды.

Шілде айына арналған ауа райы болжамы

Шілдеде республиканың басым бөлігінде орташа ауа температурасы қалыпты шамада болады. Қазгидромет ақпаратына қарағанда, бұл айда Казақстанның оңтүстік аймақтарында температура нормадан 1°С-ге жоғарылауы ықтимал. Мәселен, елдің көп өңірінде орташа +18+24°С сақталса, оңтүстікте +25+30°С, ал оңтүстік-шығыс пен шығыстағы таулы аймақтарда +9+17°С күтілуде. Атап айтқанда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары, Қызылорданың оңтүстік-шығыс бөлігі мен Жетісу өңірінің оңтүстігінде ыстық болады.

Болжамға сәйкес, бұл айда да жауын-шашын мөлшері еліміздің біраз аймағында нормадан аз болмақ. Дегенмен 7 облыста жаңбыр қалыпты мөлшерде түсуі мүмкін. Олар - Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбенің солтүстік-батыс бөлігі, Қостанай, Ақмола мен Павлодар облыстарының солтүстігі.

Тамыз айына арналған ауа райы болжамы

Қазгидрометтен хабарлағандай, жаздың соңғы айы – тамызда Қазақстан аумағында күн ыстық болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы нормадан 1-2°С-ге жоғарылайды. Тек республиканың солтүстік-батысында қалыпты күн райы сақталады. Бұл айда ел бойынша орташа температура +20+28°С болса, солтүстік-шығыста +16+19°С, оңтүстік-шығыс пен шығыстағы таулы аймақтарда +11+15°С-ге жетеді. Бұл орайда Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында температура норма шамасында болады.

Тамызда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде қалыпты көлемнен де аз түседі деп болжанады. Дегенмен Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігінде, Қарағандының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында және Түркістан облысының таулы аудандарында жауатын жаңбыр нормасы сақталады.

Болжамға сай, алдағы 3 айда өңірлерде болатын орташа айлық температура:

Астана қаласы бойынша

Маусым - +19,6°С

Шілде - +20,6°С

Тамыз - +19,1°С

Алматы қаласы бойынша

Маусым - +22,1°С

Шілде - +24,4°С

Тамыз - +23,3°С

Шымкент қаласы бойынша

Маусым - +24,4°С

Шілде - +26,8°С

Тамыз - +25,8°С

Ақмола облысы бойынша

Маусым - +17,2°С +20,1°С

Шілде - +18,2°С +21,2°С

Тамыз - +16,4°С +19,8°С

Алматы облысы бойынша

Маусым - +6,5°С +24,5°С

Шілде - +8,5°С +26,6°С

Тамыз - +8,0°С +24,6°С

Атырау облысы бойынша

Маусым - +23,6°С +25,5°С

Шілде - +25,6°С +27,9°С

Тамыз - +23,8°С +26,0°С

Ақтөбе облысы бойынша

Маусым - +18,9°С +24,7°С

Шілде - +20,6°С +26,8°С

Тамыз - +18,9°С +24,8°С

Батыс Қазақстан облысы бойынша

Маусым - +20,5°С +23,9°С

Шілде - +22,7°С +26,2°С

Тамыз - +21,1°С +24,4°С

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

Маусым - +17,7°С +19°С

Шілде - +18,7°С +20,3°С

Тамыз - +17°С +18,2°С

Маңғыстау облысы бойынша

Маусым - +23,5°С +27,4°С

Шілде - +26,1°С +30,1°С

Тамыз -+25,7°С +28,3°С

Қостанай облысы бойынша

Маусым - +18,3°С +23°С

Шілде - +19,8°С +24,6°С

Тамыз - +17,7°С +23,1°С

Қарағанды облысы бойынша

Маусым - +17,6°С +23,4°С

Шілде - +18,8°С +24,9°С

Тамыз - +17,2°С +23,4°С

Павлодар облысы бойынша

Маусым - +18,8°С +20,3°С

Шілде - +20,1°С +21,7°С

Тамыз - +18°С +19,6°С

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

Маусым - +12,7°С +21,8°С

Шілде - +14,6°С +23,7°С

Тамыз - +13,2°С +22,3°С

Қызылорда облысы бойынша

Маусым - +25,4°С +27,4°С

Шілде - +26,9°С +29,3°С

Тамыз - +24,7°С +27,1°С

Жамбыл облысы бойынша

Маусым - +19,7°С +25,4°С

Шілде - +21,6°С +27,4°С

Тамыз - +19,9°С +25,9°С

Түркістан облысы бойынша

Маусым -+15,0°С +27,9°С

Шілде - +17,5°С +30°С

Тамыз - +17°С +28,1°С

Абай облысы бойынша

Маусым - +17,6°С +22,9°С

Шілде - +18,9°С +24,6°С

Тамыз - +17,1°С +22,9°С

Жетiсу облысы бойынша

Маусым - +16,2°С +23,9°С

Шілде - +17,9°С +26,1°С

Тамыз - +16,3°С +24,9°С

Ұлытау облысы бойынша

Маусым - +20,1°С +24,4°С

Шілде - +21,5°С +26,1°С

Тамыз - +19,9°С +24,1°С