Әлемдік мұнай бағасы өсіп келеді

Ғалиасқар Думан

Қара алтынның қымбаттауына АҚШ-тағы акциялардың динамикасы туралы деректер ықпал етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны барреліне 77,67долларды  құрайды, бұл алдыңғы сессияның жабылуынан 0,83 доллар (1,08%) жоғары.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электрондық саудада шілде айындағы WTI мұнай фьючерстерінің бағасы 0,92 доллар (1,26%) өсіп, барреліне 73,83 долларды құрады. Алдыңғы сессияның нәтижесінде келісімшарттардың құны барреліне 0,86 долларға (1,2%) артып, 72,91 долларға жетті.

Америка мұнай институтының (API) мәліметінше, өткен аптада АҚШ-тағы мұнай қоры 6,8 млн баррельге қысқарды. Trading Economics мәліметінше, нарық 525 000 баррельге төмендейді деп күтілген.