Kids Go Free: биыл қанша бала ұшақпен тегін саяхаттай алады

Ғалиасқар Думан

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысында биыл Kids Go Free бағдарламасының игілігін көретін балалардың саны артатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

class-tour.com

«Балалар саяхатына қатысты жобаларды қолдау ерекше басымдыққа ие. Мәселен, оқушылар арасындағы жоғары сұраныс пен өзектілікті ескере отырып, тарихи-мәдени және туристік объектілерге бару бойынша «Жанды сабақтар» жобасын трансформациялау жоспарлануда. Еліміздің барлық өңірінде балалар аудиториясына бағытталған туристік өнімдер желісі кеңейтіледі», – деді министр.

Ол Kids Go Free бағдарламасы биыл қанша баланы қамтитынын айтты.

«Жалпы балалармен қолайлы отбасылық демалысты ынталандыру үшін министрлік өткен жылдан бастап турпакет құрамында балалар авиабилетін субсидиялау бағдарламасын (Kids Go Free Фри) іске асыруда. Бағдарлама негізінде бірінші жылдың қорытындысы бойынша турпакет құрамында 1 500 бала тегін ұшты. Биыл осы бағдарламаны іске асыруды жалғастырамыз, 2 мыңнан астам бала қамтылады деп күтілуде», - деді Асхат Оралов.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстандағы демалыс аймақтары тұтынушылар құқығына қалай қысым жасайтыны айтылған.