Аммиак төгілді: Солтүстік Қазақстан облысында орман өртеніп, мал қырылды

Ulysmedia

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Афанасьевка ауылының тұрғындары қауіпті химиялық заттардың төгілгені туралы облыстық экология департаментіне шағым түсірді. Олар бұл аймақтарда мұндай жағдай бірінші рет болып отырмағаные жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Блогер Төлеген Иманов Facebook желісіндегі «Заңды ұстанатын азамат» аккаунтында пестицидтердің төгілгені туралы жан түршігерлік видео жариялады. Жергілікті тұрғындар оған 27 мамырда Афанасьевка ауылына жақын жерде 180 тоннадан астам аммиак төгілгенін айтқан. Тұрғындар жергілікті ЖШС ешкім байқамас үшін төгілген аммиакты топырақпен жабатын жұмысшыларды техникаларымен жібергенін хабарлады.

“Жігіттер бұл жерде тыныс алу қиын дейді. Өйткені химикат тамақты күйдіреді. Жолдың ар жағындағы орман улы түтіннен жанып жатыр. (...) Мал өліп жатыр. Жылқылар да қарылды. Пестицидтер ағынмен жайылу үстінде. Тұрғындардың айтуынша, бұл туралы бүгінге дейін ешкім білмеген: табиғатты қорғау қызметі де, прокуратура да. Бұл у жай ғана топырақпен жабылған. Әрі қарай не болады?” - дейді блогер.

Экология департаменті ауыл тұрғындарының өтініші 2023 жылдың 2 маусымында түскенін мәлімдеді. Ведомствоның деректеріне қарағанда, қазіргі уақытта «Асыл Фармс» ЖШС кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру ашу мәселесі пысықталуда.