Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Ulysmedia

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

“Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!” – деп жазылған құттықтауда.

Айта кетейік, биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 31 жыл толып отыр