Ресей Украинадағы мақсатының ешқайсысына қол жеткізген жоқ - Дума депутаты

Ulysmedia

Жақында Қазақстанға кіруге тыйым салынған Мемлекеттік Думаның ТМД істері жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Константин Затулин Ресей Украинаға жаппай басып кіруді бастағандағы мақсаттарының ешқайсысына жете алмағанын мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Бұл туралы ол Мәскеудегі «Бізге қандай Украина керек?» форумында мәлімдеді. Оның сөзінің мәтіні Затулиннің ресми сайтында жарияланған.

Затулиннің пікірінше, Ресей басқыншылығының логикасы «біздің күшті соққымыздан кейін Украина мемлекеті тез арада ыдыратып, Минскіні қосып алуға тырысып, сегіз жыл бойы қол жеткізбеген дүниені көп құрбандықсыз иеленуге болады» дегенге саяды.

Депутат бұл жоспар әу бастан іске аспай қалғандығын мойындады.

"Әскери операцияның басында біздің мақсаттарымыз ресми түрде қандай болды? Барлығыңыздың естеріңізде ме - деназия, демилитаризация, Украинаның бейтараптығы және осы уақыт бойы зардап шеккен Донецк және Луганск халық республикаларының тұрғындарын қорғау. Осы тармақтардың қайсысына біз бүгінге дейін қол жеткіздік?» – деді ол.

Затулин бұл тармақтардың кейбірінің мәнін жоғалтқанын да атап өтті: мысалы, Украина қалды және ешқашан бейтарап болмайды.

"Украина Зеленскийдің немесе оның ізбасарларының басшылығында қала ма, жоқ па? Әрине, қалады. Өйткені оларға берілген қолдаудың кесірінен оларды жеңуге күшіміз жеткіліксіз», - деді Затулин.

Еске салайық, бұдан бұрын Констатин Затулин Қазақстан президентінің ЛХР мен ДХР-ны мойындамау туралы сөзіне реакция білдіріп, бұл оқиғаны сынақ деп атады және Қазақстанды «Украинадағы сияқты» шаралармен қорқытты.