Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай автошеру өтті

Ulysmedia

Бұл дәстүрлі шараға автокөлік пен мотоцикл мінген қалалық еріктілер қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Қала әкімдігі биыл шеруге 40-қа жуық автокөлік пен 10-ға жуық мотоцикл қатысып жатқанын мәлімдеді.

Ол Мемлекеттік рәміздер алаңынан басталып, Отан қорғаушылар алаңында аяқталды.

Шара Қазақстан астанасында 2017 жылдан бері өткізіліп келеді.

Президент Тоқаев Қазақстан халқын мерекемен құттықтағанын хабарлаған едік.