Қазақстан қант импортына әлі де тәуелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша, қазақстандық өндірушілер жалпы тұтынудың 42,5%-ын ғана жаба алады. Бұл нәтижеге шикізатты шетелден – бразилиялық шикі қамыс қантын әкелу арқылы қол жеткізілген.
Сонымен қатар, халықтың қантқа деген сұранысы айтарлықтай жоғары деңгейде сақталып отыр. 2023 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар 159,3 мың тонна қант сатып алған.
Нәтижесінде өндіріс екі есе өсті – 67,7 мың тоннаға дейін. Бұл негізінен Бразилиядан шикі қамыс қантының импортын ұлғайту арқылы мүмкін болды. Екінші жағынан, импорт 50%-дан жоғары өсіп, 91,6 мың тоннаны құрады.
Яғни, елдің қантпен қамтамасыз етілуі сыртқы факторларға тәуелді болып тұр. Мұны азық-түлік қауіпсіздігі деп атауға болмайтыны анық.
Дегенмен, қант қызылшасының дақылдарын көбейту арқылы жағдайды өзгертуге үміт бар. Биыл қант қызылшасы егістігінің аумағы былтырғыдан 50%-ға ұлғайған. Нақтырақ айтқанда,19 мың гектарға егілді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жазда Қазақстанда қант тапшылығы пайда болды. Кейбір супермаркеттерде ел тұрғындары өнім үшін төбелуге дейін барып, оның бағасы келісіне 1000 теңгеге дейін көтерілді. Президент Тоқаев жағдайды реттей алмаған сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қызметінен босатты.