Жамбылда жаяу жүргіншіні қаққан полицей азын-аулақ айыппұлмен құтылуы мүмкін

Ғалиасқар Думан

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының Луговой стансасында полиция қызметкері қызметтік көлігімен жаяу жүргінші жолағында қыз баланы қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр.

«Жаяу жүргіншінің сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартуына байланысты полиция қызметкеріне қатысты «Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу», яғни, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 600-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Аталған бап 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 34 500 теңге көлемінде айыппұл салуды көздейді», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, бұдан бұрын СҚО бойынша ҚАЖД мекемелерінің бірінің қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кеткен.