Бердібек Сапарбаев дүниеден өтті

Ulysmedia

Ол 71 жасына қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Бердібек Сапрабаев еңбек жолында Қазақстанның бес облысын басқарды. «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен зейнеткерлікке шықты. Бұған дейін ол ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Премьер-министрдің орынбасары болған.

Ал Бердібек Сапрабаев еңбек жолын 1969 жылы Қызылорда облысындағы Задаринский кеңшарында жұмысшы болып бастады.

Ulysmedia.kz сайтының редакциясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.