Үлкен Алматы өзенінде су деңгейі неге көтерілді?

Ulysmedia

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Үлкен Алматы өзеніндегі су деңгейінің неге көтерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Власть

Алматы тауларындағы қардың қарқынды еруі және тәуліктік ауа температурасының жоғарылауы нәтижесінде су деңгейі көтерілді.

Алдағы уақытта қалада ыстық ауа райы сақталады, сондықтан ведомство тұрғындардан өзен арнасына жақын жерде кешкі серуендеуден бас тартуды сұрайды.

"Үлкен Алматы өзенінің алты негізгі саласы бар, орташа су шығыны секундына 4-6 текше метрді құрайды. Өзеннің өткізу қабілетін арттыру үшін қазіргі уақытта қолданыстағы дублинг (жылдам ағын) ашылды. Алдағы уақытта Алматыда ыстық ауа райы сақталады. Үлкен Алматы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі кешкі уақыттың басталуымен (сағат 18.00-ден 00.00-ге дейін) болады», - деп хабарлады ТЖД.