Павлодар облысының бірнеше ауылы жарықсыз қалды

Айнель Аянова

13 маусымда Павлодар облысының Ботабас, Шегірен, Арбиген, Есілбай ауылдары электр энергиясынан уақытша ажыратылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Pavlodarnews.kz порталының жазуынша, әуе электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты Сосновка ауылы, Шарбақты ауылының Чкалов көшесі, 35, 37, 43, 46, 52, 54 тұрғын үйлер, Қамзин көшесі, 37, 43, Әбенов көшесі 12-ден 51-ге дейін, Антонов көшесінен 2-ден 40-қа дейін жұп жағы, 5-тен 21-ге дейін-тақ жағы, Баян батыр, 28,34, 38, КНС-5, "Веселый улей" дүкені, Қарабидайдағы Новосельская көшесіндегі 40-тан 70-ке дейін, Октябрьская көшесінен 74-тен 90-ға дейінгі тұрғын үйлер мен пошта, медициналық пункт жарықтан ажыратылады.

Жөндеу жұмыстары сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жалғасады.