Алаяқ вайнерлер: Төребаев өз кінәсін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты

Ғалиасқар Думан

Кеше Мudarabah capital және Astex қаржы пирамидаларына қатысты атышулы іс бойынша жарыссөз жалғасты. Компаниялардың қызметіне танымал қазақстандық вайнерлердің тартылғандықтан сот процесіне телмірген көз көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Істегі ең танымал айыпталушылардың бірі – вайнер Мейіржан Төребаев өз кінәсін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты.

"Мен өз кінәмді мойындамаймын. Мен ешқандай кәсіпорын құрған жоқпын. Мен олардың бар екендігі туралы мүлдем білмедім. Мен ешқандай бұйрық берген жоқпын және қабылдаған жоқпын. Бұл компания туралы тек 2020 жылдың тамызында білдім, ол кезде менің досым Astex компаниясы туралы және ол жерден дивиденд алатыны туралы айтты. Ол маған инвестиция салуды ұсынды, бірақ ол кезде менде ақша болмады. Менде қаражат болған кезде салымшы болдым және өз ісіммен айналыстым. Ай сайын пайда табу арқылы мен компанияның тұрақты жұмыс істейтінін түсіндім. Сендім. Адамдар жұмыс істеді. Мен наразы азаматтарды көрмедім. Сондықтан заңсыз нәрсені жарнамалаймын деп ойлаған жоқпын. Тек сотта өзім үшін көп жаңалық естідім", - деді ол.

Блогер ешқандай құқық бұзушылық жасамағанына сенімді.

"Менде ешқандай жаман ниет болған жоқ. Мен жарнамаладым, өйткені жеке инвестицияларымның қалай өсетінін көріп кәсіпорындардың жұмыс істейтініне сендім. Мен компанияны қаржылық пирамида деп санамадым. Салымшылардан кешірім сұрағым келеді", - деді ол.

Төребаевтың адвокаттары да блогердің кінәсіз екенін алға тартты.

14 маусымда тағы бір танымал блогер Мейірхан Шерниязов іс туралы өз пікірін білдірген болатын.

"Біздің ісіміздегі басты мәселе – қадағалау органдары мен сотқа тергеу тарапынан бұрмаланған ақпарат берілген. Жәбірленушілер мен куәгерлер медиа тұлғаларға - мен және Мейіржан Төребаевқа әрқашан баса назар аударылғанын айтты. Бұл резонанс. Менің ойымша, бұл заңға әсер етпеуі керек. Бұрмаланған ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары да қолдады, сондықтан резонанс одан сайын күшейе түсті", - деді ол.

Блогер сонымен қатар "басынан бастап және 2020 және 2021 жылдары өз ақшасын жүйелі түрде салғанын" атап өтті.

"Бұл менің арам ниетім жоқ екенін көрсетеді. Мен не болып жатқанын білмедім. Компанияның қаржылық қызметімен айналысқан жоқпын. Мен серіктестеріме сендім. Онда не болғанын мен қазір де түсінбеймін", - деп сендірді ол.

Айыптау қорытындысы бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Алмас Құрманғалиев болды. Прокурордың сөзінше, Дания Рахимова, оның оң қолы болды, оның банктік шотына қомақты сома жіберілді - нәтижесінде ол 220 миллион теңгеден астам қаражатқа ие болды.

Бұдан бұрын мемлекеттік айыптаушы айыпталушылардың бәрін кінәлі деп тануды сұраған. Атап айтқанда:

  • Құрманғалиевті – 15 жылға;
  • Дания Рахимованы - 12 жылға;
  • Ержан Мансұровты – 8 жылға;
  • Ерлан Мансұровты – 8 жылға;
  • Руслан Бұрқановты – 12 жылға;
  • Тимур Рүстемовті – 12 жылға;
  • Андрей Чаны - 12 жылға;
  • Самат Қасеновті 12 жылға соттауды ұсынды.

Сот оларды кінәлі деп тапса, аыпталушылар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл іс бойынша қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардан басқа белгілі қазақстандық вайнерлер – Мейірхан Шерниязов, Мейіржан Төребаев және Әзімжан Саидбаевқа (іздеуде) айып тағылған. Тергеу мәліметтері бойынша, олардың кінәсі – пирамиданың қызметін жарнамалаған, сонымен қатар құрылтайшылар қатарында болған.

Іс бойынша сотталушылар қатарында барлығы 12 адам бар. Екеуіне халықаралық іздеу жарияланған.

Еске салайық, бұған дейін сот отырысында вайнерлердің компания жұмысына неліктен тартылғаны айтылған.