«Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті.
“Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды.”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұдан бұрын депутат ел балалары Art Sport жобасына бөлінген миллиардтартың игілігін көре алмағанын айтқан еді.