Қазақстанда 200-ден астам адам қос азаматтықпен жүрген

Айнель Аянова

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жыл басынан бергі жұмыс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі мемлекетіміздің шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.

2023 жыл басынан бері шетелдіктер (Индия, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей азаматтары) мен ҚР азаматтарының жасанды және өзге адамның құжаттарын пайдалануының 150 фактісі әшкереленді. Қос азаматтығы бар 233 адам анықталды.

Жалпы сомасы 2,5 млрд құрайтын 300-ден астам заңсыз валюта айналымының алды алынды.

Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өткізбек болған 153 әрекеттің жолы кесілді. Бұл қылмыстар бойынша күдіктілер әрі қарай тексеру үшін Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік кірістер департаменті аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды.

«Одан бөлек, ҚР көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,-делінген хабарламада.