Иесі сотталған "Қайрат" футбол клубы коммуналдық меншікке өте ме

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы бүгінгі брифингке Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

kznews.kz

"Қайрат" шын мәнінде қаланың игілігі. Елдегі ең көне футбол клубы. Клуб коммуналдық меншікке берілмейді. Басқа шешім болған жоқ. Иесі тарапынан ешқандай өтініш немесе арыз түспеді", - дейді Досаев.

Еске салайық, Қайрат Боранбаевқа сыбайластарымен бірге 8 жылға сотталған болатын.

Іс материалдары бойынша, 2019 жылы Қайрат Боранбаев, Роман Наханов, Тайыр Жанұзақ пен Ибулла Серді өздерінің бақылауындағы «АзияГаз Чунджа» ЖШС арқылы Qazaq Gaz ұлттық компаниясынан (бұрынғы ҚазТрансГаз) газ тасымалдау кезінде қаражат жымқырған. Жымқырылған сома көлемі – 14,5 млрд теңге.