Шемонаиха қаласында газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Өрттен 5 бірлік техника жойылды.Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді.
“Өрт сағат 14:44-те өрт оқшауланды. Тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп жоқ”, – делінген хабарламада.
Қызыл жалынды сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі және 12 адам жұмылдырылды.
Айта кетейік, бұдан бұрын төтеншеліктер Астана іргесіндегі өртпен арпалысқан болатын.