2GIS навигаторы қазақша сөйледі

Ғалиасқар Думан

Қазақстанда 2012 жылдан бері жұмыс істейтін 2GIS мобильді қосымшасында қазақ тіліндегі навигатор пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: 2GIS

Қосымшаны әзірлеушілердің мәліметінше, навигация тілін баптауда өзгертуге болады.

Маршрутты дауыспен басқару жолда алаңдамауға мүмкіндік береді. Навигатор әрдайым жаңа бағыт ұсынып отырады.

Сәуір айынан бастап республиканың 2GIS-інде карталар мен ұйымдарды қазақша іздеу функциясы пайда болды. Онда дүкендерді, дәріханаларды, қоғамдық тамақтану орындарын, мәдениет мекемелерін, көрікті орындарды табуға болады. Бұл ретте қосымшада таңдалған тіл мен навигатор дауысы бір-біріне тәуелді емес екенін айта кету керек. Яғни, қосымшада орыс тілі таңдалса да, дауыстық белгілерді қазақ тілінде қосуға болады.

Қазіргі таңда мобильді қосымша Қазақстанның 40-тан астам қаласында істейді.