Ресей Қорғаныс министрлігі «Вагнер» жауынгерлеріне үндеу жасады

Ulysmedia

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі «Вагнер» жауынгерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

«Сіздерді Пригожиннің қылмыстық шытырман оқиғасына алдап, қарулы көтеріліске қатысуға араластырды. Бірнеше жасақтағы жолдастарыңыз бізден көмек сұрап, қателігін түсінді. Олар дислокация орнына қайтуды сұрайды.

Біздің тарапымыздан мұндай көмек өтініш білдірген жауынгерлер мен командирлердің барлығына көрсетілді. Біз сіздерден сақтық танытып, Ресей Қорғаныс министрлігінің немесе құқық қорғау органдарының өкілдерімен мүмкіндігінше тезірек байланысуыңызды сұраймыз», - дейді РФ Қорғаныс министрлігі.

 
Айта кетейік, бұдан бұрын Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Владимир Путиннің сәлден кейін мәлімдеме жасайтынын» хабарлады. 

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде «вагнерліктердің» колоннасы "Мәскеуге бағыт алып бара жатқаны жөнінде" кадрлар тарап жатыр. Ал Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысы аумағында «ықтимал лаңкестік әрекеттердің алдын алу» үшін «теракттарға қарсы операция режимі» енгізілген.