Лукашенко Путинмен сөйлесіп, отбасын эвакуациялады - БАҚ

Ulysmedia

Беларусь пен Ресей БАҚ-тары президент Александр Лукашенконың Владимир Путинге телефон соғып, отбасын Түркияға алып кеткенін хабарлады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Желіде Лукашенко отбасы пайдаланады деп болжанған EW-301PJ нөмірі бар үкіметтік Bombardier Challenger 850 ұшағы Түркияға қонғанын көрсететін скриншот пайда болды. Бизнес-джет содан соң радардан көрінбей қалды.

Кейін ресейлік БАҚ Путиннің Лукашенкомен сөйлескенін мәлімдеді.

Путин беларусь әріптесін Ресейдегі жағдай туралы хабардар еткені көрсетілген.

Еске салайық, 24 маусымға қараған түні Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін соққы берді деп айыптап, қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеген. Ол науқанның мақсатын «Ресей Қорғаныс министрлігінің басшылығын жауапқа тарту» деп атады. ЖӘК басшысы «Президенттік билік, үкімет, Ішкі істер министрлігі және басқа да құрылымдар жұмысты жалғастырады» деп сендірді».

Кейінірек ресейлік ФСБ Евгений Пригожинге қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады. Қазақстандықтардан жақын арада Украинамен шекаралас Ресей территорияларына бармауды сұрады.